Тоқаев Алматыға келді

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен оңтүстік астанаға келді.

Ақорданың хабарлауынша, президент маусым айында ашылуы жоспарланған әуежайдың жаңа терминалымен танысады.

«Мемлекет басшысы сондай-ақ ғылыми зиялы қауым өкілдерімен, іскер топ өкілдерімен, бірқатар халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізеді» деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, бүгін Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің кездесуі өтіп жатыр. Полиция жолдардағы шектеулер туралы бір күн бұрын ескерткен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар