Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
Фото: Ақорда
2026 жылғы 12 наурызда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде соғыс қаупі күшейіп келе жатқанын айтып, азаматтарға үндеу жасап, Қазақстанның өз қауіпсіздігін қалай қорғайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Президенттің айтуынша, бұдан он жыл бұрын саясаткерлер әлемнің қай бағытта дамитынын білмей, адамзат үлкен таңдау алдында тұр деп алаңдаса, қазір көпшілік алда келе жатқан жаһандық соғыс туралы ескертіп отыр. Мұндай қақтығыс барлық мемлекеттердің мүддесіне әсер етуі мүмкін.
«Геосаяси, әскери, экономикалық, технологиялық және климаттық тәуекелдер көбейіп, әлемдегі ең жағымсыз сценарийдің жүзеге асу қаупін күшейтіп отыр. Осындай күрделі жағдайда біз, Қазақстан азаматтары, сабыр сақтап, ел ішінде де, сырттан да болатын арандатуларға ермеуіміз керек. Бізге Жаратқан берген батылдық, абырой және ең бастысы — парасаттылық сияқты қасиеттерді көрсетуіміз қажет. Президент ретінде мемлекетіміздің қауіпсіздігін қорғау үшін саяси-дипломатиялық құралдар арқылы қолдан келгеннің бәрін жасаймын», — деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы қазіргі әлем түбегейлі өзгергенін атап өтті.
«Әлем технологиялық, экономикалық, саяси және моральдық тұрғыдан мүлде басқа сипатқа ие болды. Ол жақсы жаққа өзгерді ме, әлде керісінше ме — бұл сұраққа адамзат өркениеті кейін жауап береді. Бірақ біз, Қазақстан азаматтары, жаһандық дамудың шетінде қалмауымыз керек. Егер әлем өзгеріп жатса, біз де өзгеруіміз қажет. Болып жатқан үдерістерден жақсысын алып, жаманынан бойды аулақ ұстау керек. Қазақта «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген сөз бар», — деді президент.
Сонымен қатар Тоқаев Қазақстан өз ұлттық мүдделерін қорғауды көздей отырып, стратегиялық ұстамдылықты сақтайтынын айтты.
«Халықаралық аренада Қазақстан ұтымды әрі теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді және жүргізе береді. Бұл саясат ең алдымен еліміздің айналасындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. Мұндай тұрақтылық ел ішіндегі реформаларды жалғастыру үшін аса қажет», — деді мемлекет басшысы.
Бұған дейін президент қолданыстағы Конституция мемлекеттіліктің қалыптасуында маңызды рөл атқарғанын, сондықтан оны сынай беруге болмайтынын айтқан болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді