Тоқаев әкімдерді «мектепке оқуға» жібермекші

cover Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.

Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында әкімдерді тікелей сайлау нәтижесінде жаңа санаттағы мемлекеттік қызметшілер, яғни сайланатын басшылар пайда болғанын мәлімдеді. Бұл санатқа екі жарым мыңнан астам басшы қызметкер кіреді, олардың ішінде бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген азаматтар мен жастар бар.

«Осыған байланысты сайланған әкімдер мен әртүрлі деңгейдегі басшыларды кешенді дайындықтан өткізу мәселесі аса маңызды болып тұр. Үкіметке мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесе отырып, «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырдым. Мұндай жұмысты жүргізіп жатқан «Amanat» партиясының тәжірибесін ескерген жөн», – деді Тоқаев.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар