Тоқаев АЭС құрылысын жылдамдату керектігін айтты

cover Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысын жедел түрде аяқтау керектігін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

«АЭС туралы айтатын болсам, бізге бұл істі жылдамдату керек. Мен алдыңғы сұхбаттарда екі немесе үш атом энергия станциясын саламыз деп айтқан болатынмын», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қазақстанды ядролық энергетикаға бай, жасанды интеллект басқаратын және толық сандық көлемде  жұмыс істейтін ел қылу керек екенін тілге тиек етті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар