Тойда адам өлтірген ер адам Астанада ұсталды

cover Фото: Видеодан алынған кадр

Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Астана Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Екі жыл бұрын 34 жастағы ер адам Тәжікстандағы үйлену тойында қонақтардың бірімен жанжал шығарып, оған дене жарақатын салған, салдарынан жәбірленуші қайтыс болған.

Ер адам пробациялық бақылауда болғаны анықталды. Бірақ 2023 жылы ол елден шығып кеткен. Биыл қарашада оған халықаралық іздеу жарияланған. Кейін қазақстандық полицейлер оны елордадағы сауда орталықтарының бірінен тауып, ұстады.

«Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, онда экстрадициялау туралы шешім қабылданғанға дейін болады. Кейін ол Тәжікстанның қылмыстық іздестіру органдарына беріледі»,  деп хабарлады Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар