Тоқаев пен Рахмон Астанадағы тәжік жәрмеңке-көрмесіне қатысты

cover

Астанаға Тәжікстаннан көкөніс, жеміс-жидек, қолөнер бұйымдары бар өнеркәсіп өнімдері әкелінді. Онда бүгін Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері өтіп жатыр.

Қазақстанға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон да келді. Мемлекет басшылары Астананың бас мешітінде болды.

 Халық тәжік қолөнершілері мен шаруалары Астанаға әкелген түрлі жеміс-жидек, көкөніс, маталар, ағаш және металл бұйымдары қойылған көрмені тамашалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміздің экономикасы бір-бірін толықтырып тұратынын, сондықтан Тәжікстанның бүгінгі көрме-жәрмеңкесі Қазақстан үшін іс жүзінде қызығушылық тудырып отырғанын атап өтті.

Бүгін жәрмеңке өз жалғасын табады. Кеше келе алмаған қала тұрғындары мен қонақтары бүгінгі жәрмекеге келіп қатысып, тамашауларына болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар