Тоқаев жолдың нашарлығы үшін шенеуніктерді жұмыстан шығарып жатыр

cover автокадабра

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы мен жөнделуіндегі тәртіпті қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады Orda.kz.

Бұл туралы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

– Осы саладағы бақылауды әлсіреткені үшін Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т. Шәкімов, И. Түрков және Н. Қалауов қызметінен босатылды, - деп жазды ол.

Баспасөз хатшысы үкімет, әкімдер, құқық қорғау органдары бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау фактілерінің алдын алуға, жол құрылысы саласындағы қолайсыз жағдайды түзетуге бағытталған шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, 16 сәуірде нашар жұмысына байланысты «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды. Ұлан Әліпов 2019 жылдың ақпан айынан бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК »АҚ басқарма төрағасы болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар