Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз күрес жүргізуге уәде берді

cover

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-де бірнеше жазба жариялап, қазақстандықтарға сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күресуге, жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуге және кірістердегі алшақтықты азайтуға уәде берді.

– Қазақстан экономикасы орнықтылығын көрсетті. Үкімет отандық, шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестеріміздің сенімін арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды, – деп бастады Тоқаев.

– Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу. Біздің барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған, – деді президент.

– Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз, – деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар