Тоқаев: Сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн

cover

Барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-шақырылған парламенттің 1-сессиясының ашылуында айтты.

Бұған қоса, Тоқаев саяси партиялардың мәжіліске өту шегін 7%-дан 5%-ға төмендету керек деп мәлімдеді.

«Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7%-дан 5%-ға төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді, өйткені аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырады. Солар Парламенттің биік мінберінен айтылуға тиіс көптеген өзекті мәселелерді дер кезінде әрі орынды көтеріп жүр. Осындай партиялардың өкілдері Парламентке өтсе, ондағы пікірталасты қыздыра түсер еді, ортақ жұмысқа тиімді болар еді», - деді президент.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар