Тоқаев Паралимпиада чемпиондарын орденмен марапаттады

cover Коллаж: Orda.kz

Мемлекет басшысы Паралимпиада чемпиондарын марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Давид Мамиевич Дегтярев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын, - делінген жарлық мәтінінде.

Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариев «Парасат» орденімен марапатталды. Нұрдәулет Жұмағали «Құрмет» орденіне ие болды.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Құжат Ақорда сайтында жарияланды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар