Тоқаев Атырау облысының дамуы туралы кеңес өткізді

cover Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кеңесте сөз сөйледі, деп хабарлады Orda.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

– Биыл – Егемен ел болғанымызға 30 жыл. Бұл – баршамыз үшін маңызды әрі тарихи белес. Осы кезең ішінде түрлі салада ауқымды шаралар атқарылды. Бұған әр аймақтың қосқан үлесі зор. Соның ішінде, Атырау облысының орны бөлек. Өңірдегі мұнай қоры Тәуелсіз Қазақстанның экономикасын дамытуға мол мүмкіндік берді. Мемлекетіміздің алғашқы ірі инвестициялық жобалары осында жүзеге асырылды. Бұл жобалар еліміздің экономикалық және энергетикалық қауіпсіздігі үшін берік негіз қалады, - деді Президент.

Ол аймақ қарқынды дамып келе жатқанын, Атырау облысы экономикасының елдің ЖІӨ-дегі үлесі 10%-дан асатынын атап өтті. Еліміздегі инвестицияның шамамен 30% осы өңірден келеді. Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі Атыраудың үлесі 20% жетті.

– Сонымен бірге, облыста түйіні шешілмеген мәселелер аз емес.

Былтыр мұнда өнеркәсіп өндірісі мен тұрғын үй құрылысының көлемі, шағын және орта бизнес өндіретін өнім мөлшері азайып кетті. 

Осыған байланысты, біз бүгін аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесін және алдағы жоспарымызды талқылаймыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент кеңесте жеті негізгі міндетті атап өтті:

  1. мұнай-газ саласын дамыту
  2. автомобиль жолдарын дамыту
  3. жұмыспен қамту
  4. денсаулық сақтау жүйесін нығайту
  5. аймақты тұрақты энергиямен қамтамасыз ету
  6. аймақты сумен қамтамасыз ету
  7. ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан зиянды заттар шығарындыларын азайту

Сондай-ақ, Мемелекет басшысы 3,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетіндігін айтты. Нәтижесінде 25 мың атыраулық отбасы жаңа пәтер алады. Кешенді жоспардың іске асырылуы аймақтағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, энергетика және экологиялық мәселелерді дамытуға мүмкіндік береді. Оны іске асыруға 9 трлн теңге жұмсалады, оның басым бөлігі жеке инвестиция. Сонымен қатар, жоспарға сәйкес бюджеттен 800 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар