Тоқаев академик Серік Қирабаевтың отбасына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Смайылұлы Қирабаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Президенттің жеделхатын Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
– Серік Смайылұлы өнегелі ғұмыр кешіп, бар күш-жігерін отандық ғылымды дамытуға арнады. Қазақ әдебиетін терең зерттеп, ұлттық қазынамызды жарқыратып көрсетуге сіңірген еңбегі өте мол. Көптеген еңбектердің, монографиялардың және оқулықтардың авторы атанды. Білікті мамандар даярлау ісіне де орасан зор үлесін қосқан еді. Соңына өшпес із, ғылыми мол мұра қалдырған ұлағатты ұстаз Серік Смайылұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Халқымыз есімін әрдайым ардақ тұтады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы биліктегі біршама тұлғаларды орнынан босатылып, біршама тұлғаларды тағайындады
- Үйі жоқ халықты коммуналдық төлемдерден босату қаншалық орынды?
- Футбол добының орнына кірпі: Ақтөбеде жігіттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
- «Самұрық-Қазына» өзінің еншілес ұйымына екі ірі су электр станциясын берді
- Мемлекет басшысы Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагиммен кездесті
- Дұғалар, прокуратура, облыс әкімі және Атыраудан жүк көлігі: Құлсарыдағы митинг жалғасып жатыр
- Оралдағы су басқан саяжайлардың тұрғындары тағы да әкімдікке жиналды
- Енді үйдегі интернетті телефон арқылы қосуға болады
- Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды
- Татарстанда қазақ тілі оқытылатын болады
- Қазақстан Энергетика министрлігі басшылығының мессенджерлеріне хакерлік шабуыл жасалды
- Депутат баспананы табиғи апаттан сақтандыруды міндеттеуді ұсынып отыр
- Boeing ұшақтары қауіпсіз бе: АҚШ-тың Әділет министрлігі тергеуді бастады
- Әділет министрлігі екі саяси партияны тіркеуден бас тартты
- ҰБТ-2024 Қазақстанның он төрт облысында басталды
- Әлия Назарбаеваның рейдерлік әрекеті халықаралық деңгейге шығады
- Назарбаевтың бұрынғы келініне қатысты іс: Сот қашан басталады?
- Қазақстанда мәдениетсіз әртістер айыппұлмен жазаланады
- Бишімбаев ертерек бостандыққа шыға ала ма?
- МАЭК-те 1,4 млрд сомаға мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталды