Тінту және ұстап әкету: Құқық қорғау органдары Kloop басылымы кеңсесіне келді

cover Фото: Иллюстрации: Kloop.

Қырғызстанда құзырлы органдар Kloop басылымының бұрынғы және қазіргі қызметкерлерін ұстап, кеңселерді тінтіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

ҰҚМК қызметкерлері Бішкектегі Kloop басылымы кеңсесіне келіп, журналистік материалдарға қатысы жоқ құжаттарды алып кетті.

«Бұл кеңседе журналистер ешқашан жұмыс істеген емес», — деп түсіндірді Kloop-тың тең құрылтайшысы Ринат Тухватшин.

29 мамыр күні тінтуден кейін қызметкер Абдил Торобаевты тергеуге әкетті.  Біраз уақыттан соң қызметкерлер кеңсе менеджері Сымбат Баймурзаеваға да келді. Ол болса журналистік материалдар дайындауға қатыспаған адам екен. Бұл туралы «Клооп» бас редакторы Анна Капушенко хабарлады.

Бұған дейін, 28 мамырда Қырғызстанның әртүрлі қалаларында жеті адам ұсталған еді. Олардың арасында Kloop басылымының үш тілшісі, екі бұрынғы қызметкері бар. Сонымен қатар журналистердің жанында болған екі адам (қыз достары) да ұсталды.

Журналистер екі адам ғана ұсталғаны жөнінде хабар бере алған, ал қалған бесеуінің қайда екені қазір беймәлім.

ҰҚМК-де тергеуден кейін бұрынғы редакция қызметкері Жоомарт Дуулатова мен оператор Александр Александров 48 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалғандарына «қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болмағандықтан» бостандық берілді. Журналистерге нақты қандай айып тағылғаны ресми түрде жарияланған жоқ. Адвокаттың айтуынша, құқық қорғау органдары «ұлтаралық араздықты қоздыру» және «тәртіпсіздікке шақыру» сияқты айыптарды айтқан.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар