Tinder-де «Нұрай» атымен ақша сұраған жігіт 3 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: 1prof
Интернет-алаяқтық жолмен табыс тапқысы келген 20 жастағы астаналық тұрғынға сот үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz
Жас жігіт Tinder қосымшасына «Нұрай» деген есіммен тіркеліп, Telegram желісіндегі парақшасына сілтеме қалдырған. Telegram желісінде ол бөтен қыздың суретін қойып, айыптаушымен месенджер арқылы сөйлескен. «Нұрай» есімін жамылған жігіт одан түрлі сылтаумен ақша сұрап, тіпті кезесуге де уәде берген. Ештеңеден күдіктенбестен, айыптаушы оған 3 айда шамамен 4 миллионға жуық ақша жіберген.
Сот құқық бұзушыны ақпараттық жүйені пайдаланушыға қатысты ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды, істеген ісіне шын жүректен өкінгенін, сондай-ақ мүліктік залалды өз еркімен өтегенін және ауырлататын мән-жайдың болмағанын ескере отырып, сот үкімі шықты. Оған пробациялық бақылау орнатылып, 3 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Жаңалықтар
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?