Тимур мен Динара Құлыбаевтар тағы да акционерлерге дивиденд төлемейді
Фото: Wikimedia Commons, OGL v1.0
Тимур мен Динара Құлыбаевтардың негізгі активтерінің бірі «Алмэкс» холдингтік тобы 2024 жылы акционерлерге дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
16 маусымда қаржыны есептейтін депозитарий сайтында жарияланған құжатқа зер салсақ, компанияның 22 миллион 730 мың дауыс беруге құқылы акция иелері өткен жылдың табысын бөлмеу және дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдаған.
Құлыбаевтар «Алмэкс» холдингі арқылы «Халық банкінің» 69,7%-на иелік етіп отыр және де бұл Құлыбаевтардың басты әрі ең табысты активтерінің бірі.
2023 жылы да «Алмэкс» дивиденд төлемеген. Құлыбаевтардың холдингтен қанша табыс табуы мүмкін екенін соңғы төлеген қаржысына қарап шамалауға болады. Олар соңғы рет 2024 жылдың наурызында шамамен 89 миллиард теңге төлеген еді.
Айта кетейік, Динара мен Тимур Құлыбаевтар бұл компанияға ірі акционер ретінде қосылғанына биыл 6 жыл болады. «Алмэкс» – 2005 жылы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасында ресми түрде тіркелді. Компания банк ісі мен сақтандыру салаларында Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан және Грузияда да қызмет атқарады. Холдингтің негізгі иелері — Тимур Құлыбаев пен жұбайы Динара Құлыбаева. Динара — Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы. Олар бұл компанияны тең үлесте басқарады.
Orda.kz бұған дейін бұрынғы президент пен оның туыстарының ЖСН нөмірлерінің ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің деректер базасында бар-жоғын тексерген еді. Тілшілеріміз Нұрсұлтан Әбішұлының, оның қыздары Дариға мен Динараның, сондай-ақ күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың жеке идентификациялық нөмірлерін таппады. ЖСН нөмірлер азаматтар басқа мемлекетке көшіп кеткенде ғана жойылады. Бәлкім бұл азаматтар шетелге көшіп кетуі мүмкін. Бір қызығы салық базасында Сара Алпысқызының ЖСН нөмірі бар болып шыққан еді. Тіпті Сара Алпысқызының салық бойынша 2102 теңге қарыз бар екен. Толығырақ тілшіміздің материалынан оқыңыз.
Еске сала кетейік, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Динара Құлыбаева даулаған ҚБТУ-дың тағдырына пікір білдірген еді.
Жаңалықтар
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?