TikTok тыйымы: АҚШ Конгресінің төменгі палатасы заң жобасын мақұлдады

cover Фото: Анна Манимейкер/ CNN

АҚШ TikTok-ты бұғаттағысы келеді; Өкілдер палатасы осыған қатысты заң жобасын қабылдады.

Билік бұл шара 170 миллион қолданушының наразылығын тудырады деп қауіптенеді.

Бұл туралы CNN хабарлайды.

Қытайлық қосымшаны пайдалануға тыйым салуды 352 конгресмен қолдаса, 65-і қарсы болды. Заң жобасын ілгерілетуші заң шығарушылар TikTok АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін деп есептейді.

Заң жобасын әлі де Сенат мақұлдап, президент қол қоюы керек.

Егер бүкіл Америка Құрама Штаттарында мобильді қосымшаны пайдалануға тыйым салынса, Apple мен Google оны App Store және Google Play дүкендерінен алып тастауы керек.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар