Тікелей эфирде 23 мың көрерменнің алдында бала босану тренд пе?
Фото: Twitch II бейнеден кадр
Америкалық стример Fandy Twitch онлайн-стриминг платформасы тарихында алғаш рет тікелей эфирде босанған стример болды. Fandy-дің босану сәтіне 23 мыңнан астам көрермен куә болды. Эфир шамамен 8 сағатқа созылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Fandy өз үйінде босанды. Ол үрлемелі бассейнде ет жақын туыстарының қолдауымен сәбиін дүниеге әкелді. Бұл процеске дәрігерлер қатысқан жоқ. Босану барысында стример көрермендермен сөйлесіп, босануды ойынмен салыстыратынын айтқан. 23 мыңнан астам көрерменнің алдында дүние есігін ашқан қыздың есімі дауыс беру арқылы таңдалды. Көпшліктің таңдауымен нәрестеге Луна есімі берілді.
Fandy 2015 жылдан бері Twitch-та стрим жүргізіп келеді. Осы уақытқа дейін 360 мыңнан астам жазылушы жинаған. Ол World of Warcraft, Overwatch және League of Legends ойындарын тікелей эфирде көрсететін трансляциялары арқылы танымал. Сонымен қатар, Fandy Instagram, TikTok желілерінде белсенді.
Оның босанып жатқанын көрсеткен тікелей эфирі интернетке таралып кетті. Желі қолданушылары әртүрлі пікірлер жазып жатыр. Кейбір қолданушылар Fandy-дің батылдығына таңданыс білдірсе, басқалары жеке оқиғаны контент ретінде көрсеткенін сынады. Дегенмен, бұл оқиға Twitch платформасы үшін бұрын-соңды болмаған тарихи сәт болды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды