Терроризмге қатысы бар 5 адам құрықталды

cover Фото: ҰҚК

Қазақстанда терроризмге қатысы бар 5 күдікті ұсталып, олардан қарулар мен гранат тәркіленді.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

ҰҚК мәліметінше, департамент қызметкерлері прокуратура мен полицияның көмегімен төрт облыста – Алматы, Қарағанды, Түркістан және Ұлытау облыстарында операция жүргізген. Нәтижесінде деструктивті діни ағымға қатысы бар деген 5 Қазақстан азаматы мен 1 шетелдік ұсталды.

«Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер арқылы таратқан деген күдікке ілінді. Айғақты заттар табылып тәркіленді, оның ішінде үш әскери гранат бар. 2 күдікті бұрын тонау және ұрлық жасағаны үшін сотталған болып шықты» делінген ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.  

Ұсталғандарға қатысты 256 бап, яғни терроризмді насихаттау бойынша іс қозғалды. Ұйымдасқан топ мүшелерін бұл бап бойынша мүлкін тәркілеп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін. Комитет тергеудің басқа мәліметтерін жарияламады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар