Теріс діни ағымға жетелеген 5 радикал ұсталды
фото: ҚР ҰҚК
Терроризмге қарсы іс-қимыл аясында осы жылдың шілде-тамыз айларында ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарының және прокуратураның көмегімен Астана қаласында және Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында бірқатар іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталып, сот үкімімен қамауға алынды.
Бұл туралы ҚР ҰҚК хабарлады.
«Тергеу мәліметтері бойынша, олар терроризмді насихаттауға, діни алауыздық қоздыруға және террористік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды теріс діни ағымға тартуға қатысты. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару — жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді» деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Ведомствода атап өткендей, күдіктілердің екеуі кісі өлтіру, тонау және бұзақылық жасағаны үшін сотталған. Тағы біреуі бұрын шетелдік террористік лагерьлерде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағындағы іс-қимылдарға қатысқан.
Аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 174, 256, 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
- 174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру;
- 256-бап. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру;
- 259-бап. Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды