«Теңізшевройл» компаниясына 639,6 млн айыппұл салынды

cover Фото: tengizshevroil

Табиғатты қорғау прокуратурасы «Теңізшевройл» компаниясының атмосфераны ластап, заң бұзушылықтарға барғанын анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.

Оның ішінде 4,9 тонна ластайтын заттар атмосфераға рұқсатсыз шығарылғаны және 2023 жылдың 3 және 4 тоқсанында, сондай-ақ 2024 жылдың 1 және 2 тоқсанында атмосфераға экологиялық рұқсат етілген нормадан тыс 49,3 тонна ластайтын заттар шығарылғаны анықталды.

«Осыған байланысты «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты прокурор қаулысымен әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен 639,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Шешім заңды күшіне енді. Облыста атмосфералық ауаның ластануы өзекті болып тұр және прокуратура осы бағытта тұрақты бақылау жүргізеді» деп жазылған хабарламада. 

Еске сала кетейік, Еуроодақ Қазақстан көмірін санкция салынған Ресей порттары арқылы жеткізуге рұқсат берді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар