Теміржолшылар 700-ден астам адамды құтқарды

cover

Қар басқан жолдардан аман-есен шығарылған адамдар қала маңындағы пойыздармен үйлеріне жіберілуде, деп хабарлайды Orda.kz.

Хабарланғандай, кеше түнде жолдардың жабылуына байланысты Бурабай, Елтай, Ақкөл, Шортанды, Ерейментау стансаларынан 700-ден астам адам қала маңындағы пойыздармен Астанаға жеткізілді.

«Жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді. Қазіргі таңда халықты теміржол көлігімен шығару жұмыстары жалғасуда» делінген «Жолаушылар тасымалы» мекемесінің хабарламасында.


Сонымен қатар, компания жыл соңында жолаушылар ағынының күрт артуы теміржол көлігінің жұмысын қиындатқанын, сондықтан «Жолаушылар тасымалы» АҚ азаматтарды өздеріне қауіп төндірмеуді және кез келген көлікпен жолға шықпауды сұрады.

«Өздеріңіз білетіндей, теміржол мереке және демалыс күндеріне қарамастан жұмыс істейді. Жаңа жыл қарсаңында 18 мыңнан астам қызметкер кезекшілікке шығады» деп мәлімдеді ҚТЖ. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар