Теміржол арқылы заңсыз дәрі-дәрмек тасығандар ұсталды

cover Фото: Pexels

Жетісу облысының «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өтпек болғандар ұсталды.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

2024 жылғы 16 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысының «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын өткізу әрекетінің жолын кесті.

«Теміржол контейнерінен шығу тегі белгісіз 80 000 ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар  табылды. Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілді»,  деді ҰҚК баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар