Теміртау тұрғыны мен жедел жәрдем жүргізушісі арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды

cover

Видеода теміртаулық көлік жүргізушілерінің бірі мен жедел жәрдем жүргізушісі арасындағы қақтығыс сәті түсірілген.

22 қарашада Теміртау қаласының жұртшылығы арасында жедел жәрдем бригадасының үндеуі пайда болды. Олар өз мәлімдемесінде металлургтер қаласының бір тұрғынының ерсі қылықтарын айтты. Жанжал үйдің ауласында сүйектері сынған төсекке таңылған науқасты ауруханаға жатқызу кезінде болған. Жүргізуші тез арада өтпек болған.

- 1947 жылғы ата төсекке таңылған, белі көгерген, жамбас сүйегінің жабық сынығы, мықын сүйегінің жабық сынығы, жабық бас сүйек-ми жарақаты бар. Ол өз бетінше қозғала алмады. Біз оны зембілмен ауруханаға жеткіздік, - дейді жедел жәрдем фельдшері.

Полицейлер жүргізушіні тапты.

58 жастағы ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 131-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар