Теміртаудың тумасын Ресейде мемлекетке сатқындық үшін 22 жылға соттады
Фото: Instagram Надин Гейслер
«Әскер сұлуы» волонтёрлік қозғалысының негізін қалаушы Надежда Россинскаяны Ресей Федерациясының қауіпсіздігіне қарсы үндеулер жасады және Украина Қарулы күштерін қолдады деген айыппен соттады, деп хабарлайды Orda.kz
РБК-ның мәліметінше, Ресейде Теміртаудың тумасы блогер әрі белсенді Надин Гейслер деген атпен танымал Надежда Россинскаяға үкім шықты.
Екінші Батыс өңірлік әскери сот оны мемлекетке сатқындық жасағаны және РФ қауіпсіздігіне қарсы әрекеттерге ашық үндегені үшін кінәлі деп таныды. Россинскаяны 22 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Ресей тергеуінің мәлімдемесіне зер салсақ, Россинскаяның әрекеті сырт көзге украин әскері үшін ақша жинап, гуманитарлық көмек сияқты көрінген. Ол Ресейде террорлық деп танылған «украиндық әскери құрылымға» ашық қолдау көрсеткен.
ФСБ мәліметтері бойынша, 2023 жылдың тамызында ол Instagram желісінде «Азов» батальонына қаражат аударуға үндеу жасаған. Сол хабарламада өз есепшотының нөмірін де көрсеткен.
Россинская жетекшілік еткен «Әскер сұлуы» ұйымы Харьков облысының тұрғындарына көмек көрсеткенін айтты. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, жануарлар азығын жеткізіп, бейбіт тұрғындарды Ресей мен Еуропа елдеріне эвакуациялаумен айналысқан.
Белсендіні 2024 жылдың ақпанында Ресейге оралғанда, әскерилерге жануарларды құтқаруға арналған оккупацияланған аймақтарға шығайын деп тұрғанда пойызда ұстап алған. Бұған дейін Россинская шамамен бір жыл Грузияда тұрды. 2024 жылдың қазанында оны Ресейдің құзырлы органдары террористер мен экстремистер тізіміне енгізді.
Адвокат Алексей Прянишниковтың сөзінше, Россинскаяға қарсы сол кезде терроризмді қаржыландыру, Ресей қауіпсіздігіне қарсы әрекеттерге ашық үндеу және мемлекетке сатқындық туралы баптар бойынша үш қылмыстық іс қозғалған. Қорғау тарапы бұл істердің бәрінің қозғалуына бір instagram аккаунтында жарияланған жазба түрткі болғанын айтты.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды