Темірлан Еңсебектің соты қашан қайта басталады? 

cover Фото: Инстаграм/ qaznews24

Сатиралық Qaznews24 инстаграм парақшасының авторы Темірлан Еңсебекке қатысты іс 9 сәуірде сағат 11:00-де Наурызбай аудандық сотында қайта жалғасады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Orda.kz редакциясына адвокат Жанар Балғабаева айтты. Сот отырысы офлайн форматта өтеді. Сондықтан Темірлан сот залына келеді. Бұрынғы соттағыдай бейнебақылау арқылы отырмайды. Істі судья Бейнегүл Қайсина қарайды.  

Бұған дейін көптен күткен отырыс 27 ақпанда өткен болатын. Алайда, сол жолы тыңдау прокурор Айнаш Жуаспаеваның өтініші бойынша тоқтатылған еді. Прокурор істі Наурызбай аудандық сотында қарау керек деп мәлімдеген болатын.  

Orda.kz бұған дейін сатиралық Qaznews24 инстаграм парақшасы авторының ісі дауға айналған рэптің авторы кім екенін және неліктен полиция дәл қазір осы «туындыға» назар аударып отырғанын зерделеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар