Темірлан Еңсебектің адвокаты апелляциялық шағым түсірді
Фото: Темірлан Еңсебектің архивінен
Темірлан Еңсебектің адвокаты апелляциялық шағым түсірді. Бұл іс енді апелляциялық іс жүргізу аясында Алматы қалалық сотында қаралуы тиіс, деп хабарлайды Orda.kz.
11 сәуір күні Наурызбай аудандық соты Темірлан Енсебекті ҚР ҚК 174-бабы («Ұлтаралық араздықты қоздыру») бойынша кінәлі деп таныды. Темірлан Еңсебек Qaznews24 парақшасында Тина Канделаки туралы жарияланған жазбаға қосып қойған «Йоу, орыстар» әніне байланысты «экстремист» болып танылды.
Үкімге қарасақ, Темірланға журналистикамен, құқық қорғаумен және саяси қызметпен айналысуға, митингілерге, тренингтерге, конференцияларға және кез келген жұрт өткізетін шараларға қатысуға тыйым салынған.
Сонымен қатар, оған жылына 100 сағаттық мәжбүрлі еңбек жазасы белгіленді. Дәлел ретінде алынған ноутбук пен телефон мемлекет меншігіне өткізілді. Енді сатирикке сұхбат беруге, әлеуметтік желілерді жүргізуге, гранттар алуға, эфирлерге қатысуға, онлайн және офлайн кездесулер өткізуге, сондай-ақ ойын-сауық өтетін жерлерге баруға тыйым салынған.


Адвокат Жанар Балғабаева Наурызбай аудандық соты арқылы шағым түсіргенін айтты. Бұл шағым бір ай ішінде қаралып, апелляциялық сот отырысы Алматы қалалық сотында өтуі тиіс:
«Мен қысқаша шағым түсірдім. Ал апелляциялық шағымды толықтырып жатырмыз. Дәлелдер өте көп. Қазір сот кабинеттерінде үлкен өзгерістер болып жатыр, жүйе дұрыс жұмыс істемейді, сондықтан мен e-Otinish арқылы жолдадым. Мерзімнен кешікпедік», — деді Балғабаева.
Адвокаттың айтуынша, Еңсебекке қатысты соттың шектеу шаралары апелляциялық шағым қаралғаннан кейін ғана күшіне енеді. Алайда сотпен бекітілген міндеттемелерді орындау керек.
«Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, бірақ онда мінез-құлыққа қатысты міндеттемелер жайлы ескерту болды. Мысалы, егер ол қазір белсенді түрде жазуды бастаса, оны құқық бұзушылық ретінде бағалауы мүмкін. Сондықтан бұл жерде абай болу керек. Дәл осы мақсатпен бәрі жасалды. Жалпы алғанда, үкім заңды күшіне енбейінше, ол пікір білдіруге құқылы, бұл шектеулер оған қолданылмайды», — деді Балғабаева.
Темірлан Еңсебек ісі бойынша өткен сот отырысы қоғамда үлкен резонанс тудырып, шиеленіске толы болған еді. Белсенділер ұсталды. Журналистерге шектеулер қойылды. Үкім шыққанда судьяға «Ұят!» деп айқайлағандар болды. Соңғы отырыс жайлы толық репортажды осы жерден оқуға болады.
Енді Алматы қалалық сотының апелляциялық отырыс күнін белгілегенін күту ғана қалды.
Жаңалықтар
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз