Телефонға алаңдап, қарсы жолаққа шығып кеткен: Алматыда көлік аударылды

cover

Алматыда Дулати көшесінде екі көліктің соқтығысуынан кейін бір автокөлік аударылып қалды. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Orda.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 24 наурыз күні сағат 17:00 шамасында Бостандық ауданында болған.

Алдын ала дерек бойынша, Hyundai көлігінің жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатып, ұялы телефонға алаңдап, көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде қарсы бағытта келе жатқан Kia көлігімен соқтығысқан. Соққыдан Hyundai аударылып қалған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai жүргізушісі мен оның жолаушысы зардап шекті. Қаза болғандар жоқ, екі әйел де ауруханаға жеткізілді.

Қазір оқиғаның мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар