Технология көмегімен құрықталған қазақтардың лагердегі тауқыметі
Шыңжаң аймағындағы түркітілді мұсылмандарды қытайлықтар технология көмегімен аңдып, "қауіпті" деп танығандарын саяси лагерлерге жіберіп отырған.
Халықаралық Human Rights Watch ұйымының тұжырымдасынша екі мыңнан аса адам сондай әдіспен құрықталған.
"Ақсу тізімі Қытайдың Шыңжаңдағы түркітілді мұсылмандарды технология көмегімен қудалау әдісін барынша аша түседі. Қытай үкіметі тізімдегі адамдардың отбасына жақындарын не үшін ұстағанын және қазір қайда отырғанын түсіндіруі тиіс", - деді ұйымның Қытай бойынша зерттеушісі Мая Ванг.
Шыңжаң тұрғындарын жаппай аңдитын бағдарлама жайлы Human Rights Watch алғаш рет 2018 жылы ақпан айында хабарлаған. Бағдарлама көмегімен "жүріс-тұрысы күмәнді" адамдарды белгілеп отырған. Белгіленгендерді саяси тәрбиелеу лагерлеріне немесе өзге орындарға жіберіп отырған. Ең қиыны, бұл тізімге күмәнсіз адамдардың да енуі оңай екенін ескертеді.
"Шыңжаңда түркітілді мұсылмандарды жаппай аңду және күшпен ұстау Қытай конституциясы мен халықаралық адам құқығы жөніндегі құжаттарға қайшы. Қытай конституциясының 37-бабына сәйкес, кез келген адамды ұстау үшін сот пен прокуратура рұқсаты керек", - делінген мақалада.
Лагерлер жайлы алғашқы дерек көздері 2017 жылдың көктемінде таратылған. БҰҰ миллионға жуық адамның еркінен тыс қамауда отырғанын мәлімдеген.
Қытай үкіметі алғашында бұл лагерлердің барын жоққа шығарып, кейіннен оны "экстремизмге қарсы шара" деп атап, адамдар еркінен тыс отырған лагерлерді "тіл үйреніп, кәсіпке баулитын " орталықтар деп түсіндірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық