Техаста екі Қазақстан азаматы қолға түсті
Фото: әлеуметтік желіден
Техаста 27 қыркүйек күні қазақстандық Нұрсұлтан Мұқтарәлі мен Мұхит Дәнібеков ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Техастағы I-10 тас жолында қазақстан азаматтарын жүк көліктерін тексеру кезінде полиция тоқтатқан. Шериф кеңсесінің мәліметінше, тексеру кезінде Сигма атты ит көлік ішінен 35 келі кокаин тапқан. Қазір екі ер адамға ірі көлемде есірткі сақтау бабы бойынша айып тағылып отыр. Бұл бірінші дәрежелі ауыр қылмыс деп есептеледі.
Екі ер адам Чемберс округінің түрмесінде қамалды. Сонымен қатар, әрқайсысына 200 мың доллар кепіл белгіленген. Екі қазақ азаматының туыстары оларға жала жабылғанын айтты. Ұсталғандардың бірінің ағасы Жомарт Дәнібековтің айтуынша, Мұхит пен Нұрсұлтан жүргізуші болып жұмыс істейді екен. Олар бірнеше жыл көлік тасымалдаумен айналысқан.
«Олар Америкаға өзге біреудің қылмысы үшін жапа шегу үшін емес, адал еңбек ету үшін барған», – дейді Жомарт Дәнібеков.
Айта кетейік, Түркістанда 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан бала көтерді.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды