Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды

cover Фото: Sean Gallup

Иранның бұрынғы сыртқы істер министрі әрі елдің жоғарғы рухани көшбасшысының кеңесшісі Камаль Харази көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz ирандық Press TV телеарнасына сілтеме жасап. 

Камаль Харази АҚШ пен Израильдің Тегеранға жасаған шабуылы кезінде алған жарақаттарынан мерт болды. 

Иранның вице-президенті Мохаммад Реза Ареф Харази қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. 

«Бұл көрнекті тұлғаға жасалған шабуыл – халықаралық аренада өз стратегиясын ақылмен түсіндіре алмай отырған қарсыластардың шарасыздығының айқын дәлелі», – деді ол.

Айта кетейік, 2 сәуірде Тегеранда Харазидің үйіне шабуыл жасалды. Соның салдарынан Иранның жоғарғы рухани көшбасшысының кеңесшісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген еді. Ал оның жұбайы сол мезетте тіл тартпай кетті. Бір күн бұрын Al Hadath телеарнасы Иранның сот билігінің басшысы Голам Хоссейн Мохсени-Эджеидің қайтыс болғанын хабарлаған болатын.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы аясында жасалған соққылар нәтижесінде бірнеше жоғары лауазымды ирандық шенеунік қаза тапты. Олардың қатарында жоғарғы рухани көшбасшы Али Хаменеи мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Али Лариджани де бар.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Иранның барлық әскери басшылығының жойылғанын мәлімдеген. Ал АҚШ мемлекеттік департаменті Ислам революциясы сақшылар корпусының негізгі өкілдері туралы ақпарат үшін 10 млн долларға дейін сыйақы тағайындалғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар