Тәжікстан президентінің кіші қызы денсаулық саласында басшылық қызметке тағайындалды
Фото: currenttime.tv
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның кенже қызы Фарзона Эмомали Тәжікстан денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің реформалар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек және халықаралық байланыстар басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Фарзон Эмомали — 27 жаста. Денсаулық сақтау министрлігі президенттің қызы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің емдеу факультетін тәмәмдап, клиникалық резидентураны «педиатрия» мамандығы бойынша оқығанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Фарзон Эмомали 2023 жылы Тәжікстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын да оқып бітірген. Ол 2021 жылдан бастап маман болып жұмыс істепті.
Фарзона Эмомали 2022 жылы Бас прокурор Юсуф Рахмонның ұлы Сафархон Рахмонға үйленді. 2025 жылдың қаңтарында екеуі ажырасады. Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігі Фарзона Эмомалидің басы бос екенін және бір баланы тәрбиелеп отырғанын атап өтті.
Эмомали Рахмонның екі ұлы және жеті қызы бар. Рустам Эмомали Душанбе қаласының мэрі және парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы қызметін атқарады. Озода Рахмон 2016 жылдан бастап президент әкімшілігін басқарады. Рухшона Эмомали Ұлыбританиядағы елші. Парвин Рахмонова алты жыл ішінде әкімшілік ресурстың қолдауымен елдің фармацевтикалық нарығында көшбасшы болған компанияны басқарады. Зарина Рахмон коммерциялық «Ориенбанк» басқармасының орынбасары қызметін атқарады. Тахмина Рахмонова әуе қатынастары агенттігінің құрылтайшысы. Журналистердің айтуынша, ол Тәжікстандағы әуе билеттерін сату нарығын бақылауда ұстайды.
Айта кетейік, Тәжікстанда президент ұлттық мәдениетке жат киімдерді әкелуге, сатуға және қоғамдық орындарда киюге тыйым салды.
Жаңалықтар
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды
- Қырғызстанға оралған Қамшыбек Тәшиев тергеліп жатыр — дереккөз
- Трамп: Израиль енді Ирандағы «Оңтүстік Парс» кен орны нысандарына соққы жасамайды
- Екібастұз ресми түрде моноқала мәртебесінен шығарылды
- Наурыз көже: жеті дәмнің мәні мен ғасырлардан жеткен аңыздар
- Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге талап күшейді
- Хайп пен қылмыс: Қазақстанда блогерлерге қатысты бопсалау істері көбейді
- Ақтөбе облысында автобус жүргізушісі жолаушыларды бала-шағасымен қоса айдалаға тастап кеткен
- Атырауда бастауыш сынып мұғалімі қаза тапты
- Қазақстанда халықтың қанша пайызы кедей? Статистика жарияланды
- Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасына халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді тапсырды
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Басты айыпталушы 25 жылға сотталды
- Иранның барлау министрі Исмаил Хатиб қаза болды
- ҚазТАГ басылымының басшысы Әсет Матаев ұсталды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Тоқаевтың бейбітшілік қажет деген пікірін қолдайды
- Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды