Таулы Қарабақта орыс тілі ресми болып танылды

cover

Өзін-өзі жариялаған Таулы Қарабақ республикасының парламенті орыс тілін ресми деп тану туралы түзетулер жобасын қабылдады.

Бұл туралы мәліметті Orda.kz хабарлайды.

Заң бойынша республиканың ресми тілдері «әдеби армян және орыс тілі» болып танылды.

Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, мекемелер мен ұйымдар іс қағаздарын армян тілінде және қажет болған жағдайда орыс тілінде жүргізуге міндетті.

Бастаманың негіздемесінде «Арцах (ред. Қарабақтың өзін-өзі атауы) пен Ресей арасындағы мәдени, әскери, экономикалық қатынастарды» ескере отырып, «жаңа ереже қалыптастыру» қажеттілігі, тарихи жады және көптеген Қарабақ тұрғындары үшін орыс тілі екінші қарым-қатынас тілі болып табылатындығы туралы айтады.

2020 жылдың қыркүйек айының соңында Таулы Қарабақта қақтығыстар қайта басталды. Қарама-қайшылықтардың жалғасы бейбіт тұрғындар арасында құрбандарға алып келді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар