Тәуелсіз «Orda» басылымына тағы да шабуыл жасалды: Instagram мен Facebook бұғатталды
Коллаж: Orda.kz
Біздің редакциямызға жасалған ақпараттық шабуылдар толастамай тұр. Редакцияға ғана емес, бас редакторды да түртпектеп, түрлі қитұрқы әрекеттер жасалып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
«Orda» редакциясының Instagram және Facebook-тағы парақшалары тағы да бұғатталды. Бас редактор Гүлнәр Бажкенованың жеке парақшасы да бұғатталды. Бұл соңғы бірнеше айда болып жатқан қысымның тағы бір толқыны. Біз әлеуметтік желілерде парақшаларды бұғаттау, жалған ақпарат тарату, жалған аккаунттар арқылы шабуыл жасау сынды ақпараттық қысымның түр-түрін көрдік. Журналистеріміздің атынан жалған парақшалар ашылып, жеке деректері мен хабарландырулар жарияланып жатыр.
Мұның бәрі оларды қорқытуға, беделін түсіруге және арандатуға бағытталған. Осы қитұрқылықпен қатар, баса-көктеп кіруге де талпыныс бар. Жақында біздің кеңсеміздің мекенжайын көрсетіп, балалар лагеріне тегін жолдама беріледі деген жалған хабарландыру таратылды. Соның салдарынан ондаған адам ғимарат алдына жиналды. Олар алданғандарын түсінгеннен кейін үйлеріне қайтты.
Редакцияның сайтына тосқауыл қою үшін әлдекімдер барын салып жатыр. Хакерлік шабуылдан кейін техникалық ақаулар болды.
Бұл қысымдарға қарамастан, жұмысымызды істеп, оқырмандарға елдегі оқиғаларды бүкпесіз жариялауды тоқтатпаймыз. Telegram арнамыз және orda.kz сайты арқылы байланысымызды үзбейміз.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?