Тәуелсіз «Орда» басылымын рейдерлік жолмен тартып алмақ: Басылымды неге түртпектейді?
Фото: Orda.kz
Бүгін тәуелсіз «Орда» басылымының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың бизнесін тартып алу үшін қысым түсірді. 8 шілде күні басылымды күшпен алмақ болды.
Айта кетейік, редакция бұған дейін де бірнеше рет кибершабуылға ұшыраған. Басқа да қысымдар көрсеткенін бірнеше мәрте жазғанбыз.
Кейбір қитұрқылықтары (мысалы, редакциямызды «балалар лагері» деп жалған ақпарат тарату) күлкілі көрінсе, енді бірі қауіп төндірерлік шабуылдар еді.
Бұл бір емес, бұған дейін де болған жағдай. Тәуелсіз басылымға жан-жақтан шабуыл жасалып жатыр. Осы секілді қитұрқы әрекеттердің ішінде ең қорқыныштысы — қызметкерлеріміздің жеке деректерін, жеке телефон нөмірлерін алып, түрлі жарнамаларға салып жатқандығы. Тәуелсіз басылымды құрықтау үшін тіпті бас редактор Гүлнәр Бажкенованың қайтыс болғаны жайлы жалған ақпаратты жалған парақшалар арқылы таратты.
Рейдерлік әрекет жайында топшылай келе жазған толық ақпаратты мына сілтемеден оқыңыз.
Қазір барлық жайды тарқатпаймыз. Бұл туралы алда толық баяндап береміз. Бір анығы — басылымға шабуыл бүгін, 8 шілде күні жасалды. Алайда біз камералармен шыққанда «рейдерлер» тарапынан тек бейтаныс заңгер ғана келді.
Жағдай өте күмәнді әрі түсініксіз...
«Бұл хатқа Виталий Пак қол қойған. Онда мені «Орданың» басқаруынан шеттететін жиналыс болатыны жазылған. Маған ультиматум қойылды. Мен өз компаниямды бір Мақсат Ғаниев деген адамға беруім керек екен. Мен ол адамды мүлде танымаймын. Ал бұл әрекетті ұйымдастырған — заңгер Виталий Пак», — дейді Гүлнәр Бажкенова
Гүлнәр ханымның айтуынша, Виталий Пак пен Мақсат Ғаниев камераға түсіп қалудан қорқып, кездесуге келмеген.
Толық шығарылым ертең Youtube-арнамызда жарық көреді.
Қадірлі оқырман, айдың күннің аманында жасалған хакерлік, алаяқтық, қитұрқылық әрекеттер біздің қызметімізге еш тұсау бола алмайды. Бізбен бірге болыңыздар. Елдегі жаңалықтарды бүкпесіз жазып, жариялап отырамыз.
Жаңалықтар
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?