«Тәтті беріп алдаған»: Оралда 6 жастағы қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
Фото: әлеуметтік желіден
Батыс Қазақстан облысының соты 6 жастағы қызды зорлаған жергілікті тұрғынға үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
32 жастағы ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің аса қатаң қауіпсіздік режиміндегі мекемесінде өтейді.
«Сотталушы жәбірленушінің сырт келбетіне қарап, оның кішкентай бала екенін анық біле тұра, оған тәтті сатып алып беріп, алдап адам жоқ жерге ертіп барған. Осылайша жәбірленушіні ұрлап, сол жерде заңсыз ұстап, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Талас аудандық сотында бір ер адам кәмелетке толмаған үш баланы азаптап келгені үшін кінәлі деп танылып, төрт жылға сотталды.
Жаңалықтар
- Украина, АҚШ және Ресей арасындағы Абу-Дабидегі келіссөздер кейінге қалды
- Алматыда ер адам жүк көлігінің астына түсіп қаза тапты
- Жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқаны алматылыққа айыппұл салынды
- Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өртте жоғалған Қазақстан азаматына қатысты СІМ мәлімдемесі
- Шавкат Рахмонов екінші ота жасатқанын айтып, UFC-ге оралуды кейінге қалдырды
- Павлодардағы салынып жатқан көпір бір тәулікте екінші рет өртенді
- Белгілі әнші Ернар Айдар жаңа көлігімен мақтанамын деп айыппұл арқалады
- Талдықорғанда сұйытылған газ тиелген цистерналар рельстен шығып кетті
- Биылғы 1 ақпаннан бастап көп қабатты тұрғын үй құрылысына талап күшейтілді
- Еліміздің 12 қаласында ауаның ластануы жоғары
- Павлодарда салынып жатқан құны оншақты миллиард болатын көпірде өрт шықты
- Атырауда «жасыл белдеуді» құрылыс салу үшін берген ауыл әкімі қызметінен кетті
- Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, Australian Open-2026 жүлдесін иеленді
- Конституцияның жаңа жобасында экс-президенттердің өміріне қолсұғылмаушылық сақталған
- Теңіздегі мұнай өндіру қайта жанданып, қалыпты жұмыс басталды
- «Ұлттық қор – балаларға» қаражаты инвестиция арқылы өсе береді
- Прокуратура қыздар университетінің ғимаратын өзіне қайтарды
- 600 миллион теңгеге жөнделген Шнайдер көпірінің қирауы: ШҚО әкімі пікір білдірді
- ЕЭК Кеңесінің алғашқы отырысында Қазақстан өз басымдықтарын айқындады
- Ұлттық банк валюталық реттеу қағидаларына ауқымды түзетулер ұсынды