Тасмағамбетов кетеді, Бішкекте ҰҚШҰ-ның жаңа хатшысы сайланбақ
Коллаж: Orda.kz
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) бас хатшыны ауыстыруға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Иманғали Тасмағамбетовтің өкілеттік мерзімі аяқталуға таяды. Ал мүше мемлекеттер келесі үш жылға оның орнына жаңа бас хатшыны таңдайды.
Жаңа бас хатшы кандидатурасы 27 желтоқсан күні Бішкекте қаралады. Сол күні сыртқы істер министрлері, қорғаныс министрлері және қауіпсіздік кеңестері хатшыларының бірлескен отырысы өтеді.
«Жиында қатысушылар есірткіге қарсы күрес және заңсыз миграция саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. ОДКБ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясында елдердің қауіпсіздік жөніндегі ортақ ұстанымдарын қамтитын декларация қабылданып, 2026 жылы Ресейдің төрағалық ету кезінде жүзеге асырылатын басымдықтар жарияланады», деп мәлімдеді ұйым өкілдері.
Тасмағамбетовтің мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Ол бірнеше министрлікті басқарды, ірі қалаларға әкім болды, тіпті премьер-министр қызметін де атқарды.
ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов «Известия» басылымына берген сұхбатынан кейін әлеуметтік желіде тараған «Қазақстан әскері Украинадағы соғысқа жіберіледі» деген ақпаратқа үнсіз қалмай, оны «ресейшіл» деп айыптап, елді соғысқа итермелеп жатыр дегендерге жауап берді.
Украиналық «Бітімгерлер» сайты Иманғали Тасмағамбетовты өз базасына енгізді. Сайтта Тасмағамбетов соғысты насихаттап, Ресей агрессиясын ашық түрде қолдаған және Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұққаны жазылған.
Жаңалықтар
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды