Ташкентте 157 жыл бұрынғы аптап ыстық қайталанды

cover Фото: freepik.com

4 шілде күні Өзбекстанның астанасы Ташкентте 1868 жылы тіркелген аптап ыстық қайталанды. Термометрлер +43,5°C көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz. 

4 шілдеде Ташкентте ауа температурасы +43,5°C-қа жетті. Мамандар бұл соңғы 157 жылдағы ең жоғары көрсеткіш екенін мәлімдеді.

Аптап ыстық салдарынан медициналық қызметке жүгінгендер саны күрт өскен. Бір күнде 250 мыңға жуық адамға медициналық көмек қажет болған. Олардың көбі қарттар мен созылмалы аурулары бар адамдар.

Жуырда Қырғызстан астанасы Бішкекте де күн әдеттегіден ыстық болды. Көліктегі температура 61 градусқа дейін жетті. Ал көшедегі адамдардың біразы есінен танып қалды.

Айта кетейік, сәуірде Өзбекстан Швейцариядан экс-президенттің қызына тиесілі активтерді қайтарып алған еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар