Тараздағы сауда орталығында бомба бар деген хабар түсті

cover Фото:Orda.kz

Таразда «Айырылмас» сауда орталығы бомба бар деген хабарға байланысты эвакуацияланды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, белгісіз адам ғимаратқа 75 келі тротилден жасалған жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлаған.  

Сауда орталығының аумағы қоршауға алынды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ТЖМ мамандары және өрт сөндірушілер жұмыс істеуде.  

«Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ пен кинологтар іздестіру иттерімен аталған ғимаратқа тексеру жұмыстарын жүргізді. Ешқандай жарылғыш құрылғылар анықталған жоқ. Сонымен қатар, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде хабарлама жіберушінің IP мекенжайы анықталды. Ақпаратты таратқан адам анықталуда»,  деп мәлімдеді полиция департаменті.

Қазіргі таңда, терроризм актісі туралы жалған хабарлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар