Тараздағы «балға ұстаған делғұлы қылмыскерге» қатысты полиция мәлімдеме жасады

cover Фото: freepik.com

Әлеуметтік желіде Таразда балға ұстаған делғұлы қылмыскердің жүргені туралы ақпарат тарады. Бірақ полиция ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Желідегі ақпаратқа сәйкес,  делғұлы қылмыскерден зардап шеккендер бар екені де айтылды. Алайда Жамбыл облысының полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Сондай-ақ ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз», деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті.

Еске сала кетейік, Тараздағы саябақтың бірінде экс-полицейдің жаншылған басы мен денесі табылды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар