Тараздағы митингте наразылық білдірушілер Сапарбаевты балағаттады

cover

Таразда өткен үлкен митингте наразылық білдірушілер Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты балағаттады.

Сейсенбі күні Қазақстанның басқа қалаларындағы наразылық акциясына қатысушыларға қолдау білдіру үшін Тараздың орталық алаңына жиналған халық әкіммен кездесті.

Жұртшылық алдында барлығын тәртіпке шақырған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев түсіндірме жұмыстарын жүргізуге тырысты. Жиналған халық әкімнің сөзін тыңдамады.

Акция бейбіт түрде өтіп жатыр, дегенмен алаң аумағында қауіпсіздік қызметінің көптеген қызметкерлері байқалды. Шерушілер өзге өңірлердегі наразылық білдірушілерге қолдау білдірумен қатар, Қазақстанның әнұранын шырқауда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар