Таразда тәркіленуге тиіс мүлікті жасырға кәсіпорынның бұрынғы директоры сотталды
Фото: pixabay.com
Тараз прокуратурасы мемлекет пайдасына тәркіленген жалпы сомасы 110,2 млн теңгенің мүлкін жасыру фактісін анықтады.
Бұған дейін Тараздың мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ASCO Pro ЖШС-нен 110,2 млн теңге сомасындағы алкогольдік өнімдер тәркіленген.
Алайда мекеменің бұрынғы басшысы тәркіленген тауарларды жасырған.
Осы факті бойынша Тараз прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 425-бабы ("Тізімдеме жасалған немесе тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер") бойынша қылмыстық істі тіркеді.
Тараздың № 2 сотының 2024 жылғы 7 наурыздағы үкімімен ASCO Pro ЖШС-ның бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 425-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ сотталғаннан мемлекет пайдасына 110,2 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды