Таразда саябақта орнатылған жаңа жылдық шырша өртенді
31 желтоқсанда әлеуметтік желіде Тараздағы Тұңғыш Президент саябағында өртеніп жатқан жаңа жылдық шыршаның видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
«31 желтоқсан күні сағат 08:29-да Тараз қаласындағы Төле би көшесіндегі жасанды шыршаның өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт 08:34-те оқшауланып, 08:35-те сөндірілді» деп түсіндірді Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті.
Өртті сөндіруге сегіз қызметкер мен екі техника шығарылды.
Қалалық полицияның мәліметінше, бүгін таңғы сағат 08:29-да бейнебақылау камераларына жаңа жылдық шыршаның өртенген сәті түсіп қалған.
«Жедел іс-шаралар нәтижесінде полицейлер 56 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» деп хабарлады полициядағылар.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?