Таразда мектеп оқушысын зорлаған жасөспірімдерге үкім шықты
Фото: Pixabay.com
Таразда 12 жастағы қызды зорлаған 14 пен 16 жас арасындағы жасөспірімдер 7 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz
Осыдан алты ай бұрын жәбірленушінің анасы Orda.kz редакциясына хабарласып, жан түршігерлік жайтты айтып берген еді.
Бүгін Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелеттік жасқа толмаған үш балаға қатысты үкім шығарды.
Олар қылмыстық кодекстің 120 және 121-баптары бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 7 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар кәмелеттік жасқа толғанға дейін жазаларын балалар колониясында өтейді.
Осыдан алты ай бұрын жәбірленушінің анасы Orda.kz редакциясына хабарласып, жан түршігерлік жайттарды айтып берген еді. Әйелдің айтуынша, көрші тұратын жасөспірімдер оның қызын бірнеше рет зорлап, бәрін бейнежазбаға жазып алған. Ең сорақысы осы оқиғадан соң анасының полицияға берген мәлімдемесіне қарамастан, айыпталушылар бостандықта жүрген.
Оқиға жария болғаннан кейін іске адвокат Әлия Арзымбетова араласты.
«Сіздерге көп рахмет! Егер сіздер болмағанда, әділдікке жете алмас едім. Көмектеріңізге, қолдауларыңызға, жанымда болған кездеріңізге шын жүректен ризамын», – деп мектеп оқушысының анасы журналистерге алғысын білдірді.
Айта кетейік, қылмыс жасалған кезде жасөспірімдер 14 пен 16 жаста болған. Сот отырысы жеті айға созылды.
Еске сала кетсек, Семейде өз оқушысын зорлаған әскери дайындық пәнінің мұғалімін сот кінәлі деп танығаны жайлы жазған едік. Алайда ол кінәсін мойындамай, апелляциялық шағым түсірді.
Балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету жалпы қоғам үшін өте ауыр мәселелердің бірі болып тұр. Былтыр ғана ҚР ішкі істер министрлігі статистика және арнайы есептер комитетінің мәліметтерінде кәмелетке толмағандарды зорлау бойынша 97 оқиға тіркелген. Ал оларға осы жыныстық сипаттағы күштеу әрі зорлық-зомбылық бойынша 87 оқиға тіркелді. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе басқа жыныстық сипаттағы 138 оқиға тіркелді.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды