Таразда қыз ұрлаған үш күдікті ұсталды
Фото: әлеуметтік желіден
Таразда автобус күтіп тұрған қызды күштеп көлікке сүйреген жігіттер қолға түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қыз ұрлығы оншақты қала тұрғындарының көз алдында болды. Күдіктілер қыздың қарсылығы мен адамдардың тоқтатуына қарамастан қызды көлікке салып әкеткен.
ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев үш адамның ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Тергеу барысы ІІМ басшылығының ерекше бақылауында екен.
Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы «Некеге мәжбүрлеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. ІІМ 125-1-баптың жақында ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілгенін және қазір оны практикада қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын еске салды.
«Ішкі істер органдары үйленуге мәжбүрлеудің кез келген әрекетін және азаматтардың жеке бас бостандығына қарсы басқа да қылмыстарды қатаң түрде тоқтататын болады», — деп толықтырды ІІМ өкілі.
Айта кетейік, Атырау облысында түйе көшеде жүрген жасөспірімді таптап өтті.
Жаңалықтар
- Тоқаевқа референдум нәтижесіне орай тағы құттықтау жеделхаттары келіп түсті
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?