Таразда Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы балаларды мас болып ұрып-соққан
Коллаж: Orda.kz
Апалы-сіңлілі Құндыз бен Назгүлді қамқорлығына алған әйел өзге де балаларды ұрып-соғып, шашынан жұлған, деп хабарлайды Orda.kz.
Қамқоршыдан жәбір көрген балалар өткен жылдың 29 желтоқсанында Зулфия Төленованың үстінен ұрып-соғу дерегі бойынша арыз түсірген. Қазіргі таңда оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай мәлімдеді. Балалар Зулфия Төленованың ішімдікке сылқия тойып алып, мазаларын қашыратынын және соққыға жығатынын айтқан.
«Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, заң аясында жауапқа тартылады» деп жазды журналист.
Зулфия Төленова ішімдікті тек той-жиындарда ғана ішетінін айтып ақталған. Бірақ Руслан Өтепбай қамқоршының мас жатқан фотосуреттерін жариялап үлгерді.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Құндыздың аянышты суреті тарағаннан кейін мән-жайды анықтау үшін Руслан Өтепбай Таразға арнайы барған.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты