Таразда 32 жастағы ер адам өзіне от қойып, көз жұмды
Фото: Pixabay
Тараз қаласының 32 жастағы тұрғыны өзіне от қойып, қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
12 қазан күні таңертең ер адам Құлан ауылындағы Ақжайық көшесінде үстіне жанармай құйып, өзіне от қойған. Куәгерлердің айтуынша, ол жанған күйінде көпірге қарай жүгіріп, үйінің маңына жеткен сәтте сол жерде жан тапсырған.
Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Полицияның ресми ақпаратына сәйкес, «2025 жылғы 12 қазанда 1993 жылы туған Тараз тұрғыны Е. есімді азаматтың өзіне жанар-жағармай құйып, от қойған фактісі тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр».
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз қаза тапқан еді.
Жаңалықтар
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді