Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды

cover www.uralskweek.kz

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында премьер-министрдің орынбасары лауазымына Дүйсенова Тамара Босымбекқызының кандидатурасы келісілді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Тамара Босымбекқызы 11 қаңтар 1965 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. мемлекеттік қайраткер, 2023 жылдан бері Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

Тамара Дүйсенова бұрын Еңбек және халықты қорғау министрі (2013 – 2014, 2017 – 2018, 2022 – 2023) мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі 2014 – 2017 жылдар аралығында қызмет атқарған.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар