Талибандар билікке келсе, әлем елдеріне не күтуге болады?

cover Фото: anna-news.info

Талибан қозғалысының жетекшісі Хайбатулла Ахундзада Ауғанстанның әлем елдерімен қарым-қатынасы туралы мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Біз әлемнің барлық елімен, соның ішінде әскерін шығарғаннан кейін АҚШ-пен өзара іс-қимыл және уағдаластықтар шеңберінде жақсы және берік дипломатиялық, экономикалық және саяси қатынастар орнатуға тырысамыз, - делінген Талибан басшысының Құрбан айт қарсаңындағы жолдауында.

Талибан қозғалысының жетекшісінің айтуынша, олар Ауғанстандағы саяси жағдайы тұрақты болғанын қалайды.

Айта кетсек, 2005 жылғы 15 наурызда Қазақстанда Жоғарғы сот «Талибан» қозғалысына тыйым салған.

Қазіргі таңда ауған әскері мен «Талибан» радикалды қозғалысы арасында ұрыс болып жатыр. Себебі, Талибандар Ауғанстанның үштен бір бөлігіне үстемдік орнатқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар