Талибандар Ауғанстанның бірнеше ауданын басып алды

cover

Ауғанстанда Талибан содырлары мен қарулы күштер арасындағы қақтығыс әлі де жалғасуда.

Бұл туралы Orda.kz ауғанстандық басылым Tolo News-ке сілтеме жасап хабарлады.

Газни провинциясы кеңес мүшесінің хабарлауынша, Газнидегі қазіргі жағдай мәз емес, содырлар өздеріне керек аудандардан орын тауып үлгерген.

Талибан қозғалысы – Қазақстанда және бірқатар елде экстремистік террористік ұйым деп танылған.

Сонымен қатар бұл жағдай Қандагарда да болып жатыр. Талибандар Ауғанстан-Пәкістан орталық округі Спин-Болдакты өз бақылауларына алып, Кандагардағы полицияның штаб пәтерін басып алған.

Ауғанстан қарулы күштері әлі күнге дейін Газни мен Кандагарда тойтарыс беріп, соғысып жатқандарын мәлімдеді.

Олардың хабарлауынша, соңғы 24 сағаттың ішінде талибандар Бамиандағы Сайган ауданын, Газнидағы Малистан ауданын, Фарахтағы Пурчаман ауданын және Хосттағы Муса Хель ауданын жаулап алған.

Сонымен қатар Ауғанстан қорғаныс министрлігі қауіпсіздік күштерінің соңғы тәуліктегі түрлі операциялар кезінде әр аумақтан 261 талибан содырларын өлтіргенін және бірнеше топ шабуылының алдын алғанын мәлімдеді.

Сайт ақпараттарына сәйкес, Бамиан тұрғындары басқа аудандардан қоныс тауып, сол жаққа көше бастаған. Халық саны көп делінген Кандагар тұрғындары да бас сауғалап қала шетіндегі мешітке барып жасырынып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар