Талғардағы ауруханаға барған қыздың жұмбақ өлімі: ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Фото: отбасылық архивтен
20 жастағы Нигина Жағыпарова Алматы облысының Талғар ауданындағы аурухананың көмегіне жүгінгеннен бірнеше сағаттан соң көз жұмды. Марқұмның отбасының ойынша, бұған қабылдау бөлімінде салынған препараттардың әсері себеп болуы мүмкін. Orda.kz тілшісі Нигинаның отбасына барып қайғысына ортақтасты.
Оқиға 10 қаңтар күні таңертең болған. Нигина кеудесінің қатты ауырып жатқанын сезіп, әжесін оятқан.
«Ол өзінің көкірегі қысып тұрғанын әжесіне айтып, таңғы сағат бестің шамасында ауруханаға барған. Дәрігерлер талдау алып, электрокардиограмма мен рентген жасады. Талдаулар таза, ЭКГ-да жақсы. Бірақ рентген қолқаға суық тигенін көрсеткен. Содан кейін қызға сол жерде, қабылдау бөлмесінде преднизолон және басқа да бір препараттар салды. Олар бұл ауруды басатынын айтты», - деді Нигинаның ағасы Рехимжан Мусаров.
Кейін қызды үйіне қайтарып жіберген.
«Оларға пульмонолог керек екенін айтқан, алайда бізде ондай маман жоқ. Әжесі екеуі үйге қайтып кеткен, кейін олар маған хабарласты. Мен оларға қайтадан ауруханаға баруды, дәрігерлермен қызды ауруханаға жатқызу туралы өзім сөйлесетінімді айттым. Пневмониямен ауырып жатқан адамды қалайша жібере салуға болады? Шамалы уақыт болсын, ондай аурумен ауырып тұрған адамға қарайласу керек қой», - деді ол.
Нигина ауруханаға баруға келіскен, алайда сәл көз іліп ұйықтап алатынын айтқан.
«Кейін маған оның әжесі хабарласып, қызды оятайын десе, ешқандай да реакция жоқ екенін айтты. Мен үйге жедел жәрдеммен бірге кірдім. Үйге кірсем - қыз қайтыс болған».
Нигина Жағыпарова өзінің әжесімен және туған ағасының отбасымен бір үйде тұрған. Оның ата-анасы басқа қалаға көшіп кеткен, ал өзі жекеменшік кондитерлік мекемеде жұмыс істейді. Сондай-ақ, ол өзінің сәуірде болатын тойына дайындалып жүрген.

Отбасының айтуынша, Нигинаның дені сау болған. Олар ауруханаға түскен кезде талдаулар мен кардиограммасы жақсы болған қыздың қалайша жан тапсырып кетуі мүмкін екенін түсінбей дал.
«Менің нұсқам бойынша, өлімнің себебі оған салған препараттардан деп топшылаймын. Мүмкін оған жақпайтын реакция берді ме?! Мен анализдерді өзімнің таныс дәрігерлеріме көрсетіп едім, олар барлығының таза екенін айтты. «Егер мәселе жүректе болса, онда неге тексермеген» деді».
Нигинаны ақтық сапарға 12 қаңтар күні шығарып салды. Қазір оның отбасы өлімнің нақты неден екенін анықтайтын сараптамалық жұмыстардың жауабын күтіп отыр.
Талғар орталық аудандық ауруханасы қызға барлық қажетті көмекті көрсеттік деп сендіріп отыр. Емхана әкімшілігінің мәліметінше, науқас стационардан қанағаттанарлық жағдайда шыққан.
«Сот-медициналық сараптаманың алдын ала мәліметтері бойынша, өлімге тамырлардың өткір патологиялық жағдайы, атап айтқанда жүрек тампонадасы себеп болған. Ол қолқа аневризмасының көп қабатты жыртылуы нәтижесінде дамыған», - деп жауап берді емхана мамандары.
Бірақ өлімнің нақты себебі сараптама толық аяқталған соң белгілі болады. Полиция өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Медицина қызметкерлері Нигинаға дұрыс көмек көрсетті ме, жоқ па, тергеу соны анықтайды.
Жаңалықтар
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді